Қарттар күні қарсаңында, 2025 жылдың 29 қыркүйегінде 3-сыныптың сынып жетекшісі Мороз Олеся Алексеевна аға буын өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында қарт адамдарға деген алғыс сезімін, мейірімділік пен құрметті қалыптастыру, өз отбасының тарихына қызығушылықты арттыру және отбасылық дәстүрлерді сақтау.
2025 жылдың 30 қыркүйек күні әлеуметтік педагог М.Ж.Науанова 5–7 сынып оқушыларымен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында әңгіме өткізді. Мақсаты — ғаламтордың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету, сондай-ақ желідегі қауіпсіз іс-әрекет ережелерін еске салу. Шара соңындағы оқушылардың түйген ойлары: ғаламтор тек орынды пайдаланған кезде ғана пайдалы.
2025 жылдың 29-шы қыркүйегінде, 2-сыныпта «Өзіңді буллингтен қорға» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллинг пен оның түрлері жайында түсінік қалыптастыру, сондай-ақ жәбірлену жағдайларындағы дұрыс әрекет ету дағдылары мен өзін-өзі қорғай білу қабілетін дамыту.
2025 жылдың 24-ші қыркүйегі күні, қазан айының 1 – Қарттар күніне орай, мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары «Қамқор» жобасына қатысты. Оқушылар қарт тұрғындарға көмек көрсетіп, аулаларын жинауға жәрдемдесті. Акцияның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік сезімін, үлкендерді құрметтеуді және көмекке әрдайым дайын болуды тәрбиелеу.
2025 жылдың 27-ші қыркүйегінде Аксеновка орта мектебінде нысандар мен жабдықтардың антитеррористік тұрғыдан қорғалуын ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында бекітілген және пысықталған іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды. АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, педагог Д.Б.Бергенов газтұтқыш пен жалпы әскери қорғаныс жинағын дұрыс пайдалану тәсілдері туралы айтып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық берді.
"Бірыңғай ашық есіктер күні" Қыркүйек айының 24 - шi жұлдызы күні Аксеновка орта мектебінде " Бірыңғай ашық есіктер күні" өтті. Аталған шараға мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері мен бастауыш сынып ұстаздары қатысты. Өткiзiлген шараның мақсаты: балалардың мектепке дейінгі білім беру кезеңінен жалпы білім беру кезеңіне жайлы бейнелеуiн қамтамасыз ету.
2025 жылдың 22-ші қыркүйегінде Еңбек күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметпен қарауын қалыптастыру, оның адам өмірі мен қоғамдағы маңызын түсіну. Сынып сағаттары барысында балалар мерекенің шығу тарихымен танысып, әртүрлі мамандықтар мен адал әрі жауапты еңбектің мәнін талқылады. Шарада еліміздің дамуына зор үлес қосқан азаматтары таныстырылды. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірлерін айтып, жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді.
2025 жылдың қыркүйек айында Аксеновка орта мектебінде Тілдер онкүндігі өз мәресіне жетті. Бұл онкүндік оқушыларды, мұғалімдерді және сөз өнерін құрметтейтін барша жанды біріктірген мазмұнды әрі әсерлі шара болды. Онкүндік барысында оқушылар түрлі сайыстарға, викториналарға, олимпиадаларға қатысып, өз қабілеттерін көрсетіп, шығармашылықтарын шыңдады. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша: Театрландырылған әдеби байқауда І орынды – Михалева Аделина иеленді. Командалық жарыстарда «Ромашки» және «52» топтары тең түсіп, жеңімпаз атанды. Жетекшісі – орыс тілі