«Жұлдыздарға жол» 2024 жылдың 12 сәуірінде шағын - орталықтың тәрбиешісі Бойко А.В. «Жұлдыздарға жол» атты қызықты да танымдық сынып сағатын өткізді. Балалар нағыз ғарышкер болу үшін ғарышқа саяхатқа шықты.
1961 жылы 12 сәуірде әлемде тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен планетаның тұңғыш ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин ұшты. 63 жыл бұрын жаңа дәуір – ғарышты игеру дәуірі басталды. Бұл оқиғаны еліміз және бүкіл әлем атап өтуде. Осы тақырыпта мектепішілік жиын өтті.
Жошы ханның 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 11 сәуір күні тарих пәнінің мұғалімі Қабыкен Н.Е. Жошы хан туралы деректі фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды.
Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті 2024 жылдың 9 сәуір күні әлеуметтік педагог А.Ж.Есильбаев 8-11 сыныптар арасында «Құмар ойыны» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгімелесу барысында оқушылар құмар ойындардың зиянды әсері туралы түсініктерін кеңейтіп, оның белгілерін зерттеді.
Планета – біздің ортақ үйіміз 08.04.2024 жылы 9-сыныптың сынып жетекшісі Ж.С.Игбергенова «Планета – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты – планетаның экологиялық мәселелеріне қызығушылық пен табиғатқа көмектесуге деген ұмтылысты қалыптастыру.
Жошы ханға 800 жыл 2024 жылдың 8 сәуірінде мектебімізде Жошы ханның 800 жылдығына арналған тақырыптық іс-шара өтті. Моңғол империясының атақты билеушісі Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бүгінгі таңда көптеген қандастарымыз, шетел жұртшылығы Жошы хан кесенесі біздің елде орналасқанын біле бермейді. Біздің борышымыз – ата-баба аманатына адал болу. Сондықтан ,біз Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы ханға құрмет көрсетуге міндеттіміз. Бұл тарихи тұлғаға бүкіл әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру өте маңызды
6-7 сәуірде Петропавл қаласында "LORD SPRING CUP" облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Ауданымыздың атынан біздің мектептің 10 сынып оқушысы Таккужина Аружан және № 2 Саумалкөл гимназиясының 11 сынып оқушысы Епкін Әділет (жетекшісі Шахметова Алмагүл Төлеуқызы) "Әділет" командасы қатысты. Бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша біздің команда турнирдің финалдық бөліміне өтіп, үш ойында сәйкесінше 2, 1 және 3 орындарды иеленді. 1/4 финалда осы турнирдің былтырғы чемпиондары Тимирязев ауданының "үздіктердің үздігі" командасы жеңілді. Жартылай финалда тең күресте біздің