2025 жылдың 28 сәуірінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы және "Жасыл апта" өтті. Челлендждің мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру.
2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Айыртау ауданының білім беру ұйымдары арасында әскери-спорттық көпсайыстан "Батыр" жарысы өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Аксенов мектебінен Атығай Әмір, Ерғали Айғаным, Таққужина Аружан қатысты. Нәтижесінде Ерғали Айғаным граната лақтыру бойынша 2-орын, күштік жаттығу бойынша 3-орын иеленді.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні Кітапқа деген сүйіспеншілік – бұл керемет қасиет. Көптеген елдерде оқу мен кітапқа арналған ұлттық күн аталып өтеді. Біз ең алдымен жастарға кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дарытуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлт бола аламыз.